ІІМ тергеу комитетінің хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің 255-ші және 251-ші баптары бойынша қозғалып отыр.
Әскери қамтамасыз ету бөлімі бастығы болып қызмет істейтін азамат оқу-жаттығулар кезінде оқ-дәрі ұрлаумен айналысқан көрінеді.
«Ол 5,45 мм 210 дана оқты 30 мың теңгеге сату барысында қолға түсті», — делінген хабарламада.
Тергеу аяқталып, іс материалдары әскери сотқа жөнелтілді.