Әскери прокурорлар сарбаздың өліміне кінәлілерді анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери прокурорлар сарбаздың өліміне кінәлілерді анықтады

Әскери прокурорлар сарбаздың өліміне кінәлілерді анықтады

Алматы гарнизонының әскери прокуратурасына 8 маусымда ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 7552 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері М.Б. Айтахыновтың өзін-өзі өлтіру фактісі туралы хабар түсіп,

  • 10 Маусым 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

оқиға орнына әскери прокурор, әділет полковнигі С.Қалжанов бастаған жедел-тергеу тобы шұғыл аттанды.

Өткізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде, 8 маусым күні сағат 10-дар шамасында Алматы облысы Заречный ауылындағы ЛА 155/12 түзеу мекемесінің бақылау мұнарасынан күзет қарауылы құрамының жауынгері М.Айтахыновтың иегінен оқ тиген, жансыз денесі табылғаны анықталды. Жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын және Айтахыновтың өзін-өзі өлтіру себебін анықтау үшін біраз жұмыс атқарды: 400-ге жуық әскери қызметшіден жауап алды, басқа да тексеру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде, қайтыс болған жауынгердің қызметтесі, Айтахыновтан жарты жыл бұрын шақырылған қатардағы жауынгер Е.Бегежановтың оны ұдайы ұрып-соғып, ақша талап еткені анықталды. Сонымен қатар қайғылы оқиғаның алдында, қарауыл бастығының көмекшісі — ефрейтор С.К. Мукалыковтың күзетте ұйықтап қалғаны үшін Айтахыновты соққыға жыққаны да белгілі болды. Сөйтіп, Бегежанов пен Мукалыковтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жауынгер Айтахынов АК-74 автоматымен өзін-өзі атып өлтіргені анықталды.

Жарғылық қарым қатынас ережелерін бұзған жауынгер Бегежановтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 370- бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ефрейтор С.К. Мукалыковтың үстінен де ҚР Қылмыстық кодексінің 377- бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Бегежанов пен Мукалыков күдікті ретінде қамауға алынды. Қылмыстық істің тергелу барысы Бас әскери прокурордың жеке бақылауында.

Соңғы жаңалықтар