Әскери қызметкердің соққысына ұшыраған Қызылорда тұрғыны ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Әскери қызметкердің тепкісіне қалған Қызылорда тұрғыны ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады. |
Полицияның хабарлауынша, 6 қаңтар күні қалалық ауруханаға 1979 жылы туған қызылордалық азамат ауыр жарақаттармен түскен. Кейін белгілі болғанындай, жәбірленушіні қала көшелерінің бірінде еш себепсіз еңбек демалысында жүрген Маңғыстау облысының әскери қызметкері ұрып тастаған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Аталмыш оқиға бойынша Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасы тергеу жүргізуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін