Бұл туралы Әділет Министрлігінің сайтында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" заңға сәйкес, кемінде 10 жыл әскери қызметте тұрған келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге баянат берілген күннен бастап олар тұрғын үй алуға құжат өткізе алады.
Министрліктің мәліметінше, әскери қызметші баспаналы болу үшін есепке қою туралы баянатты тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына береді және ол қызмет өткеріп жүрген құрылымдық бөлімшеде (құрылымдық бөлімше) тіркеледі.
Әскери қызметшілерге баспаналы болу үшін бірінші кезекте отбасы құрамы туралы анықтама, қызмет орнынан анықтама, баянат берген күнге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын алынған әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы (болуы) туралы анықтама (анықтама әскери қызметшілерге жыл сайын беріледі); қызметтік тізім; бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсыру туралы анықтама алып келу керек.
Сондай-ақ, әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің және неке (некені бұзу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері керек екені айтылады.
"23 дейінгі күндізгі оқу түрінде оқитын білім ұйымынан анықтама; мүгедек тобы бойынша 18 жасқа толмаған отбасында мүгедек бала бар болса халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедек туралы анықтама; балалардың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмаған қамқорлығында және қамқорлық ету туралы анықтама; әскери қызметшінің отбасы мүшесінде оларды тану туралы соттың шешімі", — деп көрсетті министрліктегілер қажетті құжаттардың тізімін.