Әскери қызметшілердің мамандықтары да, оларға деген талаптары да күн санап өсіп келе жатыр - Олжас Сердалиев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери қызметшілердің мамандықтары да, оларға деген талаптары да күн санап өсіп келе жатыр - Олжас Сердалиев

Әскери қызметшілердің мамандықтары да, оларға деген талаптары да күн санап өсіп келе жатыр - Олжас Сердалиев

Дене дайындығы әскери қызметшілердің жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы даярлықтың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Дене даярлығынан бөлек жауынгерлердің моральдық рух пен табандылықты нығайтуда маңызды. Жеке құрамның дене даярлығының динамикасын жауынгерлік даярлық департаменті бақылайды.

  • 12 Қазан 2021
  • 176
Фото - Caravan.kz

Жауынгерлердің физикалық даярлығы туралы Caravan.kz медиа порталына Дене даярлығы басқармасының өкілі майор Олжас Сердалиев айтып берді

— Еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілердің дене даярлығын ұйымдастыру бойынша айта кетсеңіз. Жалпы қандай деңгейде ұйымдастырылған?

— Дене шынықтыру дайындығы бұл жауынгерлік дайындықтың негізгі пәні болып табылады және оның маңызды құраушы бөлігі. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дене шынықтыру дайындығы ұйымдастыру қағидаларына сай ұйымдастырылған. Бізде әскери қызметшілер өз санаттарына қарай дене шынықтыру дайындығымен өзінше, өздігінше айналысады. Мысалы: кадеттер, курсанттар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер олар дене шынықтыру дайындығының 5 нысанмен қамтылған. Олар таңертеңгілік дене шынықтыру, оқу сабақтары, спорттық жұмыстар, өздігімен дене шынықтыру айналысу немесе жол жөнекей дене шынықтырумен айналысу. Ал офицер мен сержанттарды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді алатын болсақ, дене шынықтырудың екі нысанымен қамтылған. Олар кәсіби даярлық шеңберіндегі оқу сабақтары және спорттық жұмыстар. Өзіңіз білетіндей дене шынықтыру дайындығы бұл әскери қызметшінің бойында әскери жауынгерлік тапсырманы орындауға жеткізетін маңызды дене қасиеттерін қалыптастырады. Ол деген бізде төзімділік. Мысалы төзімділік бөлімшелердің әскери қызметшілерін жеке алыс қашықтыққа шеру жасаған кезде немесе марш жүгіру орындаған кезде өте қажетті дене қасиеті. Оған қоса шапшаңдылықты алайық ол бізде әскери қызметшілердің бір орыннан екінші орынға тез мезетте орын ауыстыруы немесе ұрыс шайқас орнын тез уақытта ауыстыру. Осыдай кездерде біздерге шапшаңдылық қажет болады. Күш қасиетін алатын болсақ ол біздің әскери қызметшілер арасында ауыр снарядттарды, оқ-дәрілерді немесе жүктерді өзінің науқас жараланған әріптесін алып жүргенде қажет болатын дене қасиеттерінің бірі. Оған қоса түрлі әскери қолданбалы дағдылар қалыптасады ол жүзуде, шаңғымен жүгіруде немесе жекпе-жек күрес тәсілдерін орындаған кезде.

— Әскери қызметшілердің дене даярлығын ұйымдастыру оларға қойылған талаптар мен тәсілдер қалай өзгеріледі?

— Қазіргі замануи талаптарды ескере отырсақ қазіргі цифрлық заманда технологиялар дамып жатқан заманда әскери қызметшілердің мамандықтары да оларға деген талаптарда күн санап өсіп келе жатыр. Оған қарамастан мотоатқыш бөлімшелерін, десантты-шабуылдаушы бөлімшелеріне негізгі назар төзімділікке аударылады. Ал барлау бөлімшелері, арнайы мақсаттағы бөлшелерін алатын болсақ оларға төзімділік пен қоса жекпе-жек тәсілдерін қоса алып үйренуі жүктеледі. Танкистер, артиллерия мен саперлерді алатын болсақ оларға күш қасиетін дамытуға назар аударылады. Онымен қоса штабтарда, жоғары басшылықтарда қызмет атқаратын әскери қызметшілер олардың жұмыс режимі көбіне бір орында отырып компьютермен, қағазбен жұмыс жасайды оларға жалпы дене жұмыс істеу қабілетін ұстайтын және сақтап тұратын жаттығулар іріктеліп қолданылады.

— Әскери қызметшілермен жан-жақты жұмыс атқарылып жатыр, ал сол әскери қызметшілермен өткізілетін дене даярлығы мамандарымен қандай жұмыстар өткізіледі соны айтып өтсеңіз?

— Бізде дене шынықтыру дайындығы және спорт мамандары Қазақстан Республикасының барлық әскери бөлімдерінде және әскери оқу орындарында бар десек болады. Олармен үзіліссіз күнделікті әр түрлі жұмыстар атқарылады. Олар бірі олардың дәрежесін жоғарлатуға, қайта даярлауға Ресей Федерациясының әскери дене шынықтыру институтына курсттарға жібереміз. Оған қоса жыл сайын олармен оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастылады. Ол жиынға шетелден арнайы мамандар шақырылады. Онымен бірге келесі жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында біздің мамандармен өзіміздің елімізде дәрежесін жоғарлатуға арналған курстар жоспарлануда және 2022 жылы Ресей Федерациясының әскери дене шынықтыру институтына 5 жылға оқуға Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу жоспарлануда.

-Қазіргі Қазақстан Қарулы Күштерінде дене шынықтыру дайындығының байқауы өтуде, сол байқау бойынша айта кетсеңіз?

— Дене шынықтыру дайындығын үздік ұйымдастыру бойынша байқау конкурсы өткізілуде. Ол жақта біздің офицерлер жұмыс істеуде. Оның өзгешелігі бар кешендік дене шынықтырудан сайыс десек болады. Байқау конкурсы бес номинация бойынша ұйымдастырылуда. Бірінші номинация дене шынықтыру бойынша үздік бригада, екінші номинация дене шынықтыру бойынша үздік барлау полкі, үшінші номинация дене шынықтыру бойынша үздік әскери база, төртінші номинация дене шынықтыру бойынша үздік әскери оқу орын. Бұл байқау конкурсқа әскери қызметшілердің барлық санаттары қатысуда. Ол бізде солдат, курсант, кадет, сержант, офицерлер мен әскери қызметшілерде қатысуда. Олар әр түрлі жаттығулар орындау бойынша сайысуда оның ішінде әр түрлі қашықтыққа жүрігу немесе марш жүгіріс, гранатаны нысанға немесе қашықтыққа лақтыру, күштік жаттығулар, кедергілерден өту, жекпе-жек күрес тәсілдері оған қоса дене шынықтыру жоспарларын даярлау құжаттары тексерілуде және оқу материалдық базалары бағалануда. Байқау конкурсының қорытындысы бойынша үздік және жүлделі орын алған әскери бөлімдер құнды сыйлықтар, кубоктар мен грамоталармен марапатталады.