Әскерилерге сыйақы берілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерилерге сыйақы берілетін болды

Әскерилерге сыйақы берілетін болды

Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев шеруге қатысқан әскерилер қалай ынталандырылатынын айтты

  • 9 Сәуiр
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, шеруге қатысуға әскерилер арнайы іріктеуден өтіп келген. Мереке Көшекбаев іріктелген сарбаздар, сардарлар, әйел қызметшілер жоғары ынталы әскери қызметкерлер екенін атап өтті.

Оларға ай сайынғы жалақылары төленеді. Сонымен бірге іссапарға келгендері үшін төлем беріледі. Оған қоса шеру аяқталған соң сыйақы беру де қарастырылады, — деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев.

Еске сала кетейік, биыл 7 мамырда Жеңістің 80 жылдығына орай елордада басты алаңда шеру өтеді.