Жарияланды: 440

Аслан Мусин: Мен Назарбаевтың сенімді серіктесі болып қала берем

Аслан Мусин: Мен Назарбаевтың сенімді серіктесі болып қала берем

Есеп комитеті төрағасы, президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусин елбасы сеніп тапсырған қызметтің қай-қайсысын да атқаруға дайын.

«Мен мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы адам - Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктесімін және сенімді үзеңгілесі болып қала беремін. Ол маған қандай қызметті сеніп тапсырса да атқаруға дайынмын», - деп жауап берді А.Мусин Guljan.org порталының сұрақтарына. Сарапшылар А.Мусиннің қызметтен босап, Есеп комитетінің тұтқасын ұстауын сан-саққа жүгірткен болатын. Олар Мусиннің әкімшіліктен кетуін Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен арадағы жылы қарым-қатынасымен байланыстырды. Осыған орай, А.Мусин өзінің Б.Рысқалиевпен «өзге лауазымды тұлғалар сияқты тек қана жұмыс бабында қарым-қатынас жасағанын» мәлімдеді. «ҚР президенті әкімшілігінде 4 жыл жұмыс істедім. Бұл менің ең ұзақ атқарған күрделі әрі жауапты қызметім. Үнемі қарбаласта, демалыссыз жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан да мен президенттен басқа жұмысқа ауыстыруды сұраған болатынмын», - деп атап өтті ол. Порталдың «Назарбаевтың қарсыластары сізді өзіне тартыпты, соның ішінде экс-күйеу Рахат Әлиевті қолдауға шақырыпты» деген қауесетке қатысты сұрағына А.Мусин: «Р.Әлиев соталған және айыпты деп танылған адам. Менің Р.Әлиевпен ешқашан байланысым болған емес, болуымүмкін емес» деп жауап берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін