Аслан Мусин: Мен Назарбаевтың сенімді серіктесі болып қала берем - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аслан Мусин: Мен Назарбаевтың сенімді серіктесі болып қала берем

Аслан Мусин: Мен Назарбаевтың сенімді серіктесі болып қала берем

Есеп комитеті төрағасы, президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусин елбасы сеніп тапсырған қызметтің қай-қайсысын да атқаруға дайын.

  • 1 Қараша 2012
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Мен мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы адам — Нұрсұлтан Назарбаевтың серіктесімін және сенімді үзеңгілесі болып қала беремін. Ол маған қандай қызметті сеніп тапсырса да атқаруға дайынмын», — деп жауап берді А.Мусин Guljan.org порталының сұрақтарына.

Сарапшылар А.Мусиннің қызметтен босап, Есеп комитетінің тұтқасын ұстауын сан-саққа жүгірткен болатын. Олар Мусиннің әкімшіліктен кетуін Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен арадағы жылы қарым-қатынасымен байланыстырды.
Осыған орай, А.Мусин өзінің Б.Рысқалиевпен «өзге лауазымды тұлғалар сияқты тек қана жұмыс бабында қарым-қатынас жасағанын» мәлімдеді.
«ҚР президенті әкімшілігінде 4 жыл жұмыс істедім. Бұл менің ең ұзақ атқарған күрделі әрі жауапты қызметім. Үнемі қарбаласта, демалыссыз жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан да мен президенттен басқа жұмысқа ауыстыруды сұраған болатынмын», — деп атап өтті ол.
Порталдың «Назарбаевтың қарсыластары сізді өзіне тартыпты, соның ішінде экс-күйеу Рахат Әлиевті қолдауға шақырыпты» деген қауесетке қатысты сұрағына А.Мусин: «Р.Әлиев соталған және айыпты деп танылған адам. Менің Р.Әлиевпен ешқашан байланысым болған емес, болуымүмкін емес» деп жауап берді.

Соңғы жаңалықтар