Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтуді тапсырды.

  • 23 Маусым 2020
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Жалпы өткен жылдың жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтіп, анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюуы керек», — деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министр осыған орай жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

«Бірінші – жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары, әсіресе денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы нысандардың, үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, жоспарланған барлық жөндеу жұмысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтаңыздар. Халықты көмірмен жылыту орталықтары және қазандықтармен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Отынның, әсіресе көмір бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдаңыздар», — деді ол.

Асқар Мамин әкімдіктерге тұтынушылардың 1 наурызына дейін қалыптасқан коммуналдық қызметтер үшін кредиторлық берешектерін азайту шараларын қабылдауды тапсырды.


«Тағы бір мәселе – иесіз қалған электр желілерін анықтап, балансқа алуды, сондай-ақ коммуналдық ұйымдардың балансына беру жұмысын жалғастырыңыздар. Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Энергетика министрліктері алдағы жылыту маусым барысын бақылау мен мониторингтеу жұмысын қамтамасыз етсін», — деді Асқар Мамин.