Асқар Мәмин мен Қырымбек Көшербаевтың премьер-министр болуға мүмкіндігі бар ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мәмин мен Қырымбек Көшербаевтың премьер-министр болуға мүмкіндігі бар ма?

Асқар Мәмин мен Қырымбек Көшербаевтың премьер-министр болуға мүмкіндігі бар ма?

Саясаттағы «балапандарды» санайтын сары күз жақындап қалды. Қазір үкіметке қатысты түрлі әңгіме жүріп жатыр. Өткенде ғана ЭКСПО-дан кейін атқарушы билік ауысады-мыс деген болжам да айтылып қалды.

  • 23 Тамыз 2017
  • 2410
Фото - Caravan.kz

Осы әңгімелер қаншалықты рас? Үкімет түгел отставкаға кетсе, оны басқаруға кім лайық? Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев «КАРАВАН» газетіне берген сұхбатында осы төңіректегі пікірін айтты.

Оның ойынша, елімізде жоғары биліктегі ауыс-түйстер қазан айында болады.

«Президент бірнеше жыл бойы премьер-министрлерді тура осы айда ауыстырып келді. 1991 жылдың қазанында Ұзақбай Қараманов, 1994 жылдың осы айында Сергей Терещенко, тура үш жылдан кейін Әкежан Қажыгелдин, ал 1999 жылдың қазанында Нұрлан Балғымбаев кетті. Әрине, одан бері бұл үрдіс өзгеріп отырды. Дегенмен, қазаннан өзгеріс күту әдеті бойымызда қалған» дейді саясаттанушы.

Данияр Әшімбаевтың пікірінше, алдағы өзгерістерге атышулы істер мен ықпалды тұлғалардың биліктен кетуі себеп болмақ. Мысалы, қазір ҰҚК экс-төрағасы Нартай Дүтбаев, Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев және тағы басқа азаматтар қамауда жатыр. Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовтің Ресейге елшілікке, Нұртай Әбіқаевтың зейнеткерлікке кетуі де көп жағдайға әсер етеді.

Саясаттанушы енді қызметі көтерілуі мүмкін шенеуніктерді атап өтті.


«Жоғарыға көтерілуге бірінші вице-премьер Асқар Мәмин мен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың үміттенуіне болады. Алматыны 2 жылдан бері басқарып отырған Бауыржан Байбек те Астанаға баруы мүмкін деген әңгіме бар. Оны бірінші вице-премьер болады деп жатыр» дейді Д.Әшімбаев.