Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлайды.
Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды.
Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіматаралық кеңесінің VIII отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады.
Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.