Фабрика қызметкерінің айтуынша, Мамин аяқ киімге 12 мың теңгесін жұмсаған.
Мамин бұған дейін Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараты салынатын алаңдарды тексерді. Нысандардың іргетасын осы айда қалап, 2020 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұған қоса, премьер-министр медиа орталық, конгресс-холл, спорт кешенін құрылысын аралап көрді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталып кеткен.