Асқар Мамин жаңа қызметке ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин жаңа қызметке ие болды

Асқар Мамин жаңа қызметке ие болды

Асқар Мамин жаңа қызметке ие болды

  • 5 Наурыз 2019
  • 65
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин «Байтерек» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы атанды, деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасап Stan.kz.

азақстандық қор биржасының мәліметінше, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді. 

Кеңес құрамынан төраға Бақытжан Сағынтаев пен ДК мүшелері Ерболат Досаев, Әлихан Сымайлов, Тимур Сүлейменов, Жеңіс Қасымбек шығарылды. 

Олардың орнына жаңа мүшелер тағайындалды. Осылайша, Асқар Мамин директорлар кеңесіне төраға ретінде сайланды. Ал Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов және Роман Скляр кеңес мүшесі атанды.


Осылайша, қазіргі уақытта кеңес 10 адамнан тұрады: Асқар Мамин, Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов, Роман Скляр, Ерұлан Жамаубаев, Айдар Әріпханов, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филипп Йео.