Асқар Жұмағалиев Венада МАГАТЭ басшылығымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Жұмағалиев Венада МАГАТЭ басшылығымен кездесті

Асқар Жұмағалиев Венада МАГАТЭ басшылығымен кездесті

24-25 тамызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Вена қаласында іс сапармен болды, деп хабарлайды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі.

  • 26 Тамыз 2015
  • 613
Фото - Caravan.kz

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесу барысында ядролық салада және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. МАГАТЭ басшысы Қазақстанның ядролық саласын дамыту жоспарлары туралы ақпараттандырылды. Әңгіме барысында  «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының уранды шығару бойынша әлемдегі көшбасшылығын одан әрі жалғастыруға ниетті екені аталып, уран және ядролық отынның ғаламдық нарығының келешегі туралы пікір алмасу болды. Сондай-ақ, МАГАТЭ Төменгі деңгейде байытылған уран банкін Қазақстан Республикасында орналастыру бойынша тәжірибелік мәселелері талқыланды.

МАГАТЭ бас директоры Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау жаһандық процесіндегі рөлін ерекше атап өтті. Ю.Амано EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбының өзектілігін атап өтіп, МАГАТЭ-нің оған қатысуын растады.

Сонымен қатар, А.Жұмағалиев агенттік басшысының орынбасарлары Т.Варьорантамен, М.Чудаковпен, Д.Флоримен кездесу өткізді және атомдық энергетиканы дамыту, кепілдікті және ядролық қауіпсіздікті қолдану мәселелерін талқылады. А.Жұмағалиев МАГАТЭ Кепілдік департаментінің Зайберсдорф қаласындағы Талдамалы зертханасының жұмысымен танысты.


Сапардың шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Австрия Федералды экономикалық палатасының вице-президенті Рихард Шенцпен кездесті және екіжақты экономикалық, сонымен қатар, жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады. Австрия өкілдері екіжақты ынтымақтастықтың ілгері дамуына қызығушылығын білдірді.

null

Соңғы жаңалықтар