Жарияланды: 440

"Assandy-Times" газеті ҚР парламентінің атына басылым қызметкерін ұрып-соққан құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты наразылық мәлімдемесін жолдады

"Assandy-Times" газетінің редакциясы ҚР парламентінің депутаттары мен құқық қорғау ұйымдарының атына басылым қызметкерін ұрып-соққан құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты наразылық мәлімдемесін жолдады. Бұл туралы "Assandy-Times" газетінің бас редакторының орынбасары Галина Дырдина хабарлады.

Г.Дырдинаның айтуынша, 30-қаңтар, жұмада газетті сатушы менеждер Светлана Рычкова Талғар қаласында ешбір себепсіз қамауға алынған. Онымен бірге екі құрбысы да тұтқындалыпты. Ал оларды ұстаған полиция қызметкерлері өздерін таныстармаған әрі азаматтық киім киіп жүрген. Аудандық ішкі істер бөлімінде әйелдерді қорлап, тергеудің астына алған құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері оларды соққыға жыққан. Тергеу түні бойы жалғасқан. Қамаудан босап шыққаннан кейін полиция С.Рычкованың атынан арыз қабылдаудан және жапа шегушіні дәрігерлік байқауға жіберуден бас тартқан. С.Рычкованың хабарлауынша, 1-ақпан, дүйсенбіде ол Алматы қалалық ІІББ-на " ішкі қауіпсіздік өкілдерімен сұхбатқа" шақырылған. "Жай киім киген адамдар маған өзара тиімді ынтымақтастық орнатуды ұсынды: олар маған тауқыметімді шешіп береді, ал оған жауап ретінде мен оларға редакцияда не болып жатқаны туралы жеткізіп тұруға міндеттендім". Газет редакциясы өз мәлімдемесінде басылым қызметкерлері мен журналистерінің соңынан түсу оқиғалараның барлығы да мұқият әрі обьективті тексеріліп, тексерулер қорытындысы қоғам өкілдеріне бүкпесіз жариялануын талап етеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін