Астана 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

Астана 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

Астанада 9 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Мейіржан спорт кешенінен шығып, үйіне оралмаған. Ата-анасы полицияға шағым түсірген.

  • 10 Мамыр 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Анасының айтуынша, Мейіржан таңертеңгісін “Алатау” спорт кешеніне барған. Оқушы жүзу секциясына қатысып келген.

“Әдетте әкесі апарып, әкелетін. Бірақ бұл жолы бала ерте шыққан ұқсайды, мүмкін бапкерімен сөзге келіспей қалған шығар. Ал мүмкін бірнеше минутқа ерте шығып кеткен. Полицияға шағым түсірдік”, – дейді анасы.

9 жасар Мейіржан спорт кешенінен сағат 12.10-да шығып кеткен.

“Үстінде мектеп формасы, жеңі жоқ көк көртешесі бар. Басында көк бейсболка, Real Madrid деген жазуы бар, арқасында көк сөмкесі бар”, – дейді әйел.

Мейіржанды көрген жандар болса, полицияға хабар беруіңізді өтінеміз.


Оқи отырыңыз:

Головкин Канеломен жекпе-жек өткізгеннен соң Деревянченкомен жұдырықтасады

Павлодар-Қызылорда тас жолында бүтін бір отбасы қаза тапты

 

 

 

Соңғы жаңалықтар