Астана әкімдігі 6 бүлдіршіннің ауруханаға түсуіне қатысты түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі 6 бүлдіршіннің ауруханаға түсуіне қатысты түсініктеме берді

Астана әкімдігі 6 бүлдіршіннің ауруханаға түсуіне қатысты түсініктеме берді

Балалардың ауруханаға не себепті түскенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

  • 8 Ақпан 2018
  • 174
Фото - Caravan.kz

Астанадағы №36 "Балапан" балабақшасында болған жағдайды мамандар тексеріп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне елорда әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді.

"Жетінші ақпан күні ата-аналар балаларының тамақтан уланған болуы деген күдікпен шағымданды. Қазіргі таңда білім басқармасының арнайы комиссиясы құрылып, оқиға орнына аттанды", — деді Жүргенбаева.

Сондай-ақ, қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің қызметкерлері шақырылды. Тексеріс барысында сынама алынып, тағам бөлімі тексерілді.

"Әзірге себебі анықталған жоқ. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін, тиісті шаралар қолға алынады", — деді баспасөз қызметінің жетекшісі.


Қазіргі таңда ауруханада алты бала мен екі ересек – тәрбиеші және бала күтуші жатыр.

Бұған дейін "Астана" телеарнасы № 36 балабақшаның тәрбиешісі мен он бала аяқ астынан ауырып қалғанын хабарлаған болатын. Бес жасар бүлдіршіндердің жүрегі айнып, іші өте бастаған, қызуы көтерілген. Ата-аналар дәрігерлердің балаларға әр түрлі диагноз қойып жатқанын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар