Астана әкімдігі аязға байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі аязға байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Астана әкімдігі аязға байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Ауа райының қатты суытуына байланысты Астана әкімдігі қаладағы түрлі мекеме басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынды.

  • 23 Қаңтар 2018
  • 149
Фото - Caravan.kz
 
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
 
«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында Астана әкімдігі өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қысқартылған жұмыс күнін жариялауды ұсынады», — деп жазды Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасына.
 
Сондай-ақ, әкімдік барлық құрылыс компаниясы мен шағын және орта бизнестің басшыларына қатты аяздан жұмысшылардың қауіпті жарақат алуына байланысты ашық аспан астындағы жұмысты тоқтатуға кеңес берді.