Астана әкімдігі ЭКСПО-ға келген қазақстандықтарды жатақханаға жатқызады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі ЭКСПО-ға келген қазақстандықтарды жатақханаға жатқызады

Астана әкімдігі ЭКСПО-ға келген қазақстандықтарды жатақханаға жатқызады

Астана әкімдігінің брондау бөлімінің call-орталығы арқылы жатақхана бөлмелерін брондауға болады, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің медиа орталығы.

  • 15 Маусым 2017
  • 235
Фото - Caravan.kz

«Брондау бөлімімен 8 (7172) 277-815 қалалық телефон бойынша немесе 8-777-772-05-06 ұялы байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады. Бұл бағытта біз барлық туроператорлармен жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе, орындармен қамтамасыз ету үшін өңірлермен байланыс жасаймыз. Яғни, брондау бөлімі бар. Кімге орын керек – біз тауып беруге дайынбыз», — дейді «Астана конвенш бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков медиа-орталықтың тілшісіне берген сұхбатында.

Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарын орналастыруға болатын 18 жатақхананың бар екенін еске салды. Бөлмені тәулікке алу бағасы екі мыңнан бес мың теңгеге дейін. Жатақханананың дәліздік түрін жалға алу 2-3 мың теңге, ал пәтер үлгісіндегі жатақхана 3-5 мың теңге (барлығы 8,5 мың төсек орын).

А.Адамбековтің айтуынша, мұндай қызмет түрлерін Қазақстан өңірлерінен келетін қонақтар пайдаланады.  


«Жұмыстар үш ай бойы жүргізілді. Кіру, шығу кестесі ерте бастан құрылды. Өңірлерден келетін меймандарды күтеміз. Әзірге олардың саны көп емес», — деді А. Адамбеков.

Соңғы жаңалықтар