Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді

Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді

Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге соңғы қоңырауда суретке түсуге, вальс билеуге және лента тағуға тыйым салынды деген әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа жауап берді

  • 18 Сәуiр
  • 7
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шаралар өткізілмейді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты ресми түрде хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді Астана әкімдігі.

Әкімдік мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шаралар дәстүрлі форматта өтетінін атап өтті. Оларға лента тағуға, естелік альбом үшін суретке түсуге, сондай-ақ қоштасу вальсін билеуге рұқсат етіледі.

«Сонымен қатар, емтихан кезеңі қарсаңында ұстамдылық сақтауға және артық шығындардан аулақ болуға шақырамыз. Барлық бітірушілер үшін қауіпсіз және тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында аста-төк салтанатты шаралар, ақша жинау, автокеруендер және осыған ұқсас форматтарды өткізу ұсынылмайды», — деп хабарлады әкімдік.