Астана әкімдігі «Үздік әлеуметтік серіктес» атағына лайықтыларды іздестіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі «Үздік әлеуметтік серіктес» атағына лайықтыларды іздестіреді

Астана әкімдігі «Үздік әлеуметтік серіктес» атағына лайықтыларды іздестіреді

Астана қаласының әкімдігі «Үздік әлеуметтік серіктес» атағы байқауын өткізеді.

  • 14 Қараша 2012
  • 311
Фото - Caravan.kz

Елорданың ресми сайтының мәліметінше, байқау әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің тиімді тетіктерін құру, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу, жұмыс берушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарын қалыптастыру мен жетілдіру, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ең озық тәжірибені енгізуді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Байқауға Астана қаласының барлық меншік түріндегі ұйымдары қатыса алады.

Жеңімпаздар «Елорданың үздік жұмыс берушісі», «Жұмыссыз азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүргізетін үздік білім беру ұйымы» аталымдары бойынша анықталады.

Өтінімдерді қабылдау Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар