Бұл құжатты Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев бекітті.
«Осы меморандум сапалы әрі арзан азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ павлодарлық бизнесмендер мен фермерлерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік береді. Біздің тарапымыздан «Шапағат» базарынан және қаладағы басқа жерлерден сауда жасайтын орындар бөлеміз, ал сатылатын өнімдер бағасы нарықтағыдан арзан болуы керек. Мұндай жұмысты басқа да аймақтармен жүргіземіз», - деді Ә. Жақсыбеков.
Өз кезегінде Қ. Бозымбаев Павлодар облысы ауыл шаруашылығы әлеуеті зор өңір ретінде танымал болып отырғандығын айта келе, «Биыл біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін табысты болып отыр. Әсіресе, көкөніс өсірген шаруалар мол өнім алуда. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - павлодарлық өңірді жаңа нарыққа шығару», - деді.
Астана әкімі Ә. Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қ. Бозымбаев меморандумға қол қойды
