Астана әкімі елордалық велосипедшілерді қуантты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі елордалық велосипедшілерді қуантты

Астана әкімі елордалық велосипедшілерді қуантты

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов велосипедшілерді жақын арада оларға ыңғайлы жағдай жасалатынын айтып қуантты.

  • 11 Қараша 2012
  • 346
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің блогында осы мақсатта қазірде Астананың бас жоспарына өзгерістер әзірленіп жатқанын жазды. Жол инфрақұрылымы мен жол белгілерінің жүйесіне түзетулер енгізіледі.

Ол 2011 жылы Астана-Қорғалжын тасжолының сол жағында, Ильинка кенті маңындағы Аққайың тоғайында асфальтталған велосипед жолы салынғанын еске салды. Онда ұзындығы 3 және 1 шақырымдық және ені 3,5 метрден екі шеңбер жол жасалған. Қасында автотұрақ бар.

«Бұдан басқа, велоспорт әуесқойлары жаттығулар үшін Орталық саябақтағы асфальтталған және жарықтандырылған шаңғы-роллер жолын пайдалана алады», — деп жазды қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар