Астана әкімі мен Анкара мэрі екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі мен Анкара мэрі екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады

Астана әкімі мен Анкара мэрі екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков 30 қыркүйекте Астанаға сапармен келген Анкара мэрі Мелих Гёкчекпен кездесті.

  • 1 Қазан 2015
  • 600
Фото - Caravan.kz

Түркиядан келген қонақтардың сапар бағдарламасының алғашқы сатысы елорда әкімімен кездесуден басталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.  

«Біз Сіздерді жақын бауырымыз ретінде қашан да қуанышпен қарсы аламыз. Қазақстан мен Түркия — мәдениеті, өткен тарихы тығыз байланысты елдер», — деп қарсы алды Анкара мэрін Ә. Жақсыбеков. 

Астана әкімі атап өткендей, Астана мен Анкара арасындағы серіктестік аясында көптеген ортақ жобалар жүзеге асырылуда. 2001 жылдың 12 қазанында достық қарым-қатынас орнату бойынша Келісімге қол қойылғаннан бастап, қалалар арасындағы іскер, гуманитарлы айналым іске қосылды. 

«Бұрыннан бері Астанаға келуді жоспарладым», — деді Мелих Гёкчек.

Бұл — Анкара басшысының Астанаға жетінші рет келуі. «Астананың өзгеруі таңқалдырады. Бұл әлемдегі ең тез өзгеретін астана екендігі сөзсіз. Қазақ елордасына қайта оралуға қуаныштымын» — деп айтты Анкара мэрі.

Екіжақтық кездесуде Ә.Жақсыбеков пен М.Гёкчек қос қала арасындағы іскерлік қатынастардың дамуы жөнінде ерекше сөз қозғады.

 «Түрік инвестициялары Қазақстан мен Астана экономикасының дамуында үлкен роль атқарады. Әсіресе, елорданың құрылыс саласына қосқан үлестері өлшеусіз, Астананың көптеген танымал нысандары түрік құрылыс компанияларының жобалауымен салынған болатын», — деді әкім. Олардың қатарында Қазақстан тарихы музейі, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті — Ұлт Көшбасшысының кітапханасы мен қоры, «Әзірет Сұлтан» Мешіті, Тәуелсіздік сарайы, «Хан Шатыр» ОСО, Телерадиокешен, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Астана Арена» стадионы, Мұз айдыны сарайы және тағы басқалары. Қазіргі уақытта «Назарбаев Университет» ғылым-білім кешенінің және жаңа темір жол вокзалының жобалану мен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түрік компаниялары Астана қаласының сумен қамту және кәріз жүйелерін дамыту бағытында көптеген инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде мердігер болды. Одан өзге, Астана қаласындағы апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша пилотты жобаны да атауға болады. Жобаны іске асыру кезінде Анкараның қала ортасын регенерациялау Бағдарламасын жүзеге асырудағы тәжірибесі қолданылған, оның негізі апатты жағдайдағы үйлерді сүріп, орынына әлеуметтік үйлерді салудан тұрады. Аталмыш тәжірибе еліміздің заңнамалық ерекшеліктерін екере отырып пилотты жоба арқылы енгізілген болатын.


Ә. Жақсыбековтіңайтуынша, жақын мәдени-ағартушылық байланыстың дәлелі ретінде 2009 жылы Астана қаласында Түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш ашылғанын және 2010 жылы Анкара орталығында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылғанын атап өтуге болады.

Екі астана басшылары екіжақтық серіктестік мәселелерін талқылап, орта және шағын бизнес, туризм, «ақылды қаланы» дамыту бағытында «смарт» технологияларды енгізуге баса назар аударды. М.Гёкчек Ә.Жақсыбековты Анкараға келіп, оның қала құрылысы мен индустриалдық даму облысындағы жетістіктермен танысуды шақырды.

Елорда әкімі Астана әкімдігі алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан мен Түркия елордалары арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды әржақты қолдауға мүдделі екендігін атап өтіп, бұл уақытта Астанадағы Анкара Күндерін ұйымдастыруды ұсынды.

null

Соңғы жаңалықтар