Астана әкімі Миланда мэрлер саммитіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі Миланда мэрлер саммитіне қатысты

Астана әкімі Миланда мэрлер саммитіне қатысты

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО-2015 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің астанасы Милан қаласына жасаған ресми сапары аясында

  • 16 Қазан 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz

мэрлер саммитіне қатысты, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Қалалық азық-түлік саясатының Милан Конвенциясына қол қою Мэрлер Саммитінің басты тақырыбына айналды. Аталмыш Конвенцияны ЭКСПО-2015 көрмесінің ең маңызды мұрасы деп атайды. Әлемнің жүзден аса қаласы бекіткен халықаралық хаттама азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік жүйелерін дамытуға негізделген. Урбанизацияның қарқынды процесі салдарынан аталмыш пакт дұрыс тамақтану мен тұрақты тағам мөлшерін, қала және қала маңында азық-түлік өндіруді және азық-түлік саласындағы қызметті үстемелеуді көтермелеуге бағытталған.

Бекітілген Конвенция Бүкіләлемдік азық-түлік күнінің салтанатты рәсімінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге таныстырылады, аталған шараға Ә. Жақсыбеков те қатысады.