Астана әкiмi ұстаздар қауымын келе жатқан Бiлiм күнiмен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкiмi ұстаздар қауымын келе жатқан Бiлiм күнiмен құттықтады

Астана әкiмi ұстаздар қауымын келе жатқан Бiлiм күнiмен құттықтады

Бүгiн елордадағы бiлiм беру қызметкерлерiнiң дәстүрлi тамыз конференциясына қатыса отырып,

Астана қаласының әкiмi Әдiлбек Жақсыбеков ұстаздар қауымын келе жатқан Бiлiм күнiмен

  • 20 Тамыз 2015
  • 582
Фото - Caravan.kz


Астана қаласының әкiмi Әдiлбек Жақсыбеков ұстаздар қауымын келе жатқан Бiлiм күнiмен құттықтады. 

«Санаулы күндерден кейiн жаңа оқу жылы басталады. Баршаңызды келе жатқан Бiлiм күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет үшiн бiлiм мен тәрбиенiң орны қашан да ерекше. Бұл ретте, елордамыз Қазақстанның өзге де аймақтарына үлгi болуы керек. Сондықтан, бiздегi жауапкершiлiктiң жүгi ауыр»,-дейдi Ә.Жақсыбеков.
Қала әкiмi атап өткендей, Астана қаласының түлектерi биыл ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинады. 
«Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң 2015 жылғы индексi бойынша Астана республика бойынша бiрiншi орын алды. Ол, әрине, ұстаздардың зор еңбегiнiң нәтижесi. Алдымызда тұрған мiндеттердi де осындай абыроймен атқаратынымызға сенiмдiмiн»,-деп атап өттi Ә.Жақсыбеков. 
Айта кетейiк, бүгiн Астана қаласының әкiмi Ә.Жақсыбековтiң, Бiлiм және ғылым министрi А.Сәрiнжiповтiң қатысуымен елорда ұстаздарының тамыз конференциясы өтiп жатыр.

Соңғы жаңалықтар