Caravan Logo

Астана әкімі вокзал аумағын «түнгі көбелектерден» тазартуды тапсырды

Астана әкімі вокзал аумағын «түнгі көбелектерден» тазартуды тапсырды

қаладағы өзекті мәселенің бірі вокзал аумағындағы жағдай талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Қайыршылар, «түнгі көбелектердің» қызметін ұсынатын сутенерлер және вокзал аумағындағы қым-қуыт тірліктің бәрі қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан айтылатын көп сынға түрткі болады.


- Мысалы, «Вечерняя Астана» газетінің сенбілік нөмірінде тілші өзге қаладан келген адам ретінде көрініп, вокзал аумағындағы өмірдің барлық қыр-сырын ашып берген. Бұл кеше ғана орын алған жағдай емес. Ішкі істер департаментінен вокзал аумағын тазарту бойынша шара қабылдауды талап етемін, - деді әкім Әділбек Жақсыбеков.