Астана әкімшілігі "Азық-түлік автокеруені" атты жобаны жүзеге асыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімшілігі "Азық-түлік автокеруені" атты жобаны жүзеге асыра бастады

Астана әкімшілігі "Азық-түлік автокеруені" атты жобаны жүзеге асыра бастады

Елордасындағы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатымен Астана қалалық әкімшілігі "Азық-түлік автокеруені" атты жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Шiлде 2003
  • 412
Фото - Caravan.kz

Жобаға сәйкес республиканың оңтүстік өңірлерінен Астанаға қарай жеміс-жидек пен азық-түлік және көкөніс тиелген автокеруендер жөнелтіле бастады. Автокеруен арнаулы қорғаушылармен қамтамасыз етілді. Осы орайда жол полициясы мен әртүрлі бақылаушы мекемелердің жұмысындағы кемшіліктер мен тәртіп бұзу көріністеріне мониторнг жасау межеленіп отыр.

Сонымен бірге, Астанада қойма кешендері және қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген , арнайы көлік гараждары бар қазіргі заманғы базарлар жүйесін салу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Астана әкімі Темірхан Досмұхаметовтың бастамасымен Астана және Қостанай, Қарағанды , Оңтүстік Қазақстан облыстары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісімнің мақсаты — Елорда тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамсыз етуге арналған бәсекелі орта қалыптастыру және бағаны тұрақтандыру болып табылады. Келісім аясында Шымкентте Астана қаласының өкілдігі ашылмақ.

Соңғы жаңалықтар