«Астана» - АПОЭЛ футбол матчы кезінде елордада жол қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» - АПОЭЛ футбол матчы кезінде елордада жол қозғалысы шектеледі

«Астана» - АПОЭЛ футбол матчы кезінде елордада жол қозғалысы шектеледі

Тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі

  • 14 Тамыз 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

бірінші футбол матчы — "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді. "Астана Арена" стадионына жанкүйерлер билет бойынша кіргізіледі.

Осыған орай, сағат 20:00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту маршруты — Орынбор көшесі.

Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Атап айтқанда, аталмыш қоғамдық көліктер "Қазақстан" спорт кешені, "Салтанат Сарайы", Елордалық цирк, "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіті, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион тұрағы мен Ақжайық көшесінде орналасқан К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры алдында тұрады.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде өз қызметтерін атқарады.


Соңғы жаңалықтар