«Астана арландары» АҚШ-та «Los Angeles Matadors» клубының былғары қолғап шеберлерімен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» АҚШ-та «Los Angeles Matadors» клубының былғары қолғап шеберлерімен кездеседі

«Астана арландары» АҚШ-та «Los Angeles Matadors» клубының былғары қолғап шеберлерімен кездеседі

13 қараша күні «Астана арландары» мен АҚШ-тың «Los Angeles Matadors» клубының былғары қолғап шеберлері қолғап түйістіреді.

  • 26 Қазан 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Бүгін астаналық боксшылар Алматы облысының Новоалексеевкадағы спорттық базасында оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл команданың американдық спортшылармен кездесуі алдындағы қорытынды жаттығуы. Екі команда арасындағы бәсеке 13 қараша күні Лос-Анжелес қаласында өтеді. Ал 4 қараша күні 2011-2012 жылдардағы Дүниежүзілік бокс сериясының жарыстарына қатысатын елордалық команданың ресми тұсаукесері Алматы қаласында өтпек. 9 қараша күні Қазақстан боксшылары Америкаға аттанады.