«Астана арландары» Әзірбайжанның Baku Fires командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» Әзірбайжанның Baku Fires командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды

«Астана арландары» Әзірбайжанның Baku Fires командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды

8 қаңтар күні Бакуде өткен Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) нұсқасы бойынша кезекті матчында «Астана арландары» Әзірбайжанның Baku Fires командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды.

  • 10 Қаңтар 2011
  • 495
Фото - Caravan.kz

Бірінші болып шаршы алаңға көтеріліп, 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Бағдат Әлімбеков тегеуірінді қарсыласы Магомед Абдулхамидовтен айласын асыра алмады. Кезекті 61 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Ержан Мүсәфіров Baku Fires командасының боксшысы Рамал Амановты тізе бүктірсе, 73 келі салмақта Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Ботиржон Махмұдовты жеңді. Ал ауыр салмақтарда өнер көрсететін боксшыларымыз Максвелл Ампонса (85 келі) мен Руслан Мырсатаев (91 келі) бакулік қарсыластарына жол берді.

Бұның алдындағы жекпе- жектерде 3 рет жеңіп, 2 рет ұтылып қалған Астана арландары қазір Азия конференциясында әзірше бірде бір рет жеңіліс көрмеген Baku Fires командасынан кейін 2 орында тұр.

Жалпы AIBA ұйымының қолдауымен болып жатқан WSB клубтық жарысы Азия, Еуропа және Америка аймақтық конференциялары бойынша өткізілуде. Қазақстанның «Астана арландары» боксшылары Қытай, Оңтүстік Корея және Әзірбайжан мемлекеттерінің былғары қолғап шеберлерімен бірге Азия конференциясына кіреді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера