«Астана арландары» мен «Бейжің айдаһарларының» кездесуі Бокстың Дүниежүзілік Сериясының (WSB) аясында өтті.
54 келі салмақта Міржан Рахымжанов Лу Шофангты жеңсе, 61 келі салмақта Ержан Мұсафиров Фанг Лиға бас көтеруге ешқандай мүмкіндік берген жоқ.
Үшінші жекпе-жекте, 73 келі салмақ санатында Қанат Слям «Бейжің айдаһарларының» бразилдік легионері Лима Педроны айқын басымдықпен жеңді.
Ал 85 келі салмақта Марат Молдагереев Файе Ассаннан басым түссе, аса ауыр салмақта (91 келіден жоғары) біздің өзбекстандық легионеріміз Сардор Абдуллаев Ма Чжихуаны техникалық нокаутпен жеңді.
«Астана арландары» енді басты қарсыластары — «Баку Флайерспен» кездесуге дайындалады.