«Астана Арландары» «Британ арыстандарының» тас-талқанын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Арландары» «Британ арыстандарының» тас-талқанын шығарды

«Астана Арландары» «Британ арыстандарының» тас-талқанын шығарды

Қазақтың оң жамбасына келетін бокстың өзінен қол жеткізе алмай жүрген жеңістер аз емес. Мысалы, Қазақстан жастар құрамасы  сапынан әлем чемпионы шықпағалы он екі  жылдан асып барады екен.  Армения астанасы Ереванда жалауын түсірген кезекті әлем біріншілігінен  жастарымыз тағы да алтынға жете алмай қайтты. Бар тапқанымыз бір қола медаль. 

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 343
Фото - Caravan.kz

Ереваннан алтын арқалап қайтамыз деген жас боксшыларымыз бас жүлде тұрмақ, күміске зар болып қайтты. Он боксшымыздың тек екеуі ғана ширек финалға жетсе, қалғандары жол бойы шашылып қала берген. Жалғыз қоланы қоржынға салып берген алматылық боксшы Дәулет Байғабатов, жартылай сында украиналық Александр Хижнякқа есе жіберіпті.

Дәулет Байғабатов, әлем чемпионатының қола жүлдегері:

Әлем чемпионатында біз нашар нәтиже көрсеттік. 64-49 келідегілердің жолын кесті сол судьялар. Негізінен сол балалар медаль алушы еді.

Ресей, Англия,  Куба құрамалары қос алтыннан иемденсе, біздің алдымызға түсе алмай жүрген  Өзбекстан, Армения, Украина  және Қытайдың есебінде бір алтыннан. Осы елдерден біздің қай жеріміз кем.  «Алдыңа ас қойдым, екі қолыңды бос қойдым» демекші чемпионат алдындағы  дайындық барысында жастар құрамасы үшін жағдайдың бәрі жасалды.  Сонда жетпей жатқаны не?

Игорь Фель, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

— Біздің бес боксшымыз болашақ чемпиондарға жол берді.  Жастарымыз өнерлерін аянып қалған жоқ. Олардың бәрі іріктеуден өткен еліміздің үздік боксшылары. Бірақ бұл жолы да қолымызға алтын түспеді.   Шынымды айтсам,  біздің командаға не жетіспеді?Қай тұста мүлт кеттік? Бұл сұрақтарға жауабым беру қиын. Жақын күндері бұл мәселе үлкен талқыға түсері анық.  

Ұлттық құраманың есігін қақуға жарап қалған жігіттеріміздің жай-күйі осындай!


Ұлттық спортымызға айналған бокстағы жағымды жаңалығымыз, «Астана Арландары»  кезекті жеңістерін атап өтті.  Бүкіләлемдік бокс сериясындағы  белді клубтардың біріне айналған отандық  клуб, бұл жолы Алматы төрінде  «Британ арыстандарын» талап тастады.

Матчтық кездесуді ашып берген  алғашқы жұптағы бәсекеде Мирас Жақыпов 3:0 есебімен марокколық Жамал Яфайдан басым түсті. Бес раунд бойы басымдық танытқан Мирастың жеңісті жолын 61 келідегі жерлесіміз Ержан Мүсәпіров жалғастырды. Аса шиленісті өткен бұл теке-тіресте тағы да қазақ жігітінің мерейі үстем болды.  Келесі жұптағы матчта біздің израильдік легионеріміз Константин Снигур қарсыласы Астон Браундқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады. «Астана арландары» сапына жақында қосылған эстон боксшысы Айнар Карлсон да бос түскен жоқ.  Ол  3:0 есебімен  швед Бабакар Камараны тізе бүктірді. Бүгінгі матчты түйіндеген ауыр салмақтағы боксшылар жекпе-жегінде астаналық хорват Филипп Хргович Мохаммед Арджауиден алда болды.