«Астана арландары» кездесуге толық дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» кездесуге толық дайын

«Астана арландары» кездесуге толық дайын

13 сәуір Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8-де Мехикода «Астана арландары» жергілікті боксшылармен WSB додасының жартылай финалындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Матч әлемдегі үлкендігі жағынан екінші алаң саналатын «Конституция алаңында» өтеді. Бұл туралы «Аламан» хабарлады.

  • 12 Сәуiр 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Америка құрлығына сапар шеккен «Астана арландары» Мехикода «Мексика қораздарымен» күш сынасады. 50 келі салмақта қазақстандық команда сапында Мейірболат Тойтов өнер көрсетеді. Ол Элиас Эмигдомен қолғап түйістіреді.

61 келі салмақта Ержан Мүсәпіровке сенім артылды. WSB додасының алғашқы маусымында өте жақсы жұдырықтасқан қандасымыздың соңғы жылдары жолы болмай жүр. Десек те, бұл жолғы бәсекеде ол жергілікті былғары қолғап шебері Хуан Ромероны ұтатынына сеніміміз зор. 73 келі салмақта Әбуәзит Үгіршиев ортаға шығады. Жерлесіміз үшін бұл — аталмыш жобадағы алғашқы жекпе-жек. Сондықтан да ол сенімге селкеу түсірмеуге тиіс. Әбуәзиттің қарсыласы — Мариун Кабрерра. 85 келі салмақ дәрежесінде Хржове Сеп өз өнерін ортаға салады. «Астана арландары» сапындағы хорватиялық легионер Мехикода Иссак Муностың қарым-қабілетін байқап көрмек. Аса ауыр салмақтағы бәсеке Филипп Хргович пен Хералдо Биспал арасында өтеді.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар

Екінші жартылай финалда «Милан найзағайлары» мен «Украина атамандары» шеберлік байқасады. Жартылай финалдық қарымта кездесулер 20 сәуір күні ұйымдастырылады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера