Енді алда ширек финалдық кездесу. Ол кезеңдегі қарсыласымыз алдағы күндері анықталады, деп хабарлайды «Аламан».
54 кг: Мирас Жақыпов (Қазақстан) — Николае Андриан (Румыния) — 0:3 (47:48, 47:48, 46:49)
Кездесуді Мирас Жақыпов пен румын Николае Андриан бастады. Осыған дейінгі кездесулерінде жеңіліп көрмеген Мирас бұл жолы қарсыласын құлата алмады.
61 кг: Ержан Мүсәпіров (Қазақстан) — Роберт Харутюнян (Германия) — TKO-I R2 02:59
Екінші кездесуде Ержан Мүсәпіров Роберт Харутюнянды оңдырмай сабап, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Осылайша есеп теңескен.
73 кг: Константин Снигур (Израиль) — Василий Белоус (Молдова) — 3:0 (50:44, 49:45, 50:44).
Артынша Константин Снигур біздің команданы алға шығарды. Израильдік легионер Василий Белоусты ұтты. Одан кейін шаршы алаңға көтерген екі бірдей алыптарымыз жеңіске жетті.
85 кг: Эхсан Рузбахани (Иран) — Серж Мишел (Германия) — 3:0 (50:45, 50:45, 50:45);
91 кг: Руслан Мырсатаев (Қазақстан) — Эрик Брехлин (Германия) — TKO R2 03:00.