«Астана Арландарына» жаңа директор тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Арландарына» жаңа директор тағайындалды

«Астана Арландарына» жаңа директор тағайындалды

Бүкіләлемдік бокс сериясына қатысатын «Астана арландары» клубының атқарушы директоры болып Саят Әбілдин тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. Бұған дейін ол бас менеджердің орынбасары қызметін атқарған.

  • 2 Наурыз 2017
  • 675
Фото - Caravan.kz

«Маусымның қызған шағында маған қызметімнен кетуге тура келді. Қазіргі уақытта команда 4 наурыз күні Атырауда «Қытай айдаһарларына» және 18 наурыз күні Таразда «Ресей патриоттары» клубтарына қарсы өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Клуб ішіндегі білікті маманды бұл орынға қойғанына қуаныштымын. Саятты бұрыннан білемін. Алдағы уақытта жұмысына табыс тілеймін», — дейді «Астана арландары» клубының бұрынғы директоры Серік Сәпиев.

Айта кетейік, 28 ақпанда орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде «Нұр Отан» партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданған болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера