«Astana Arlans» - «Dynamo Moscow»: есеп теңессе, қосымша жекпе-жек өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana Arlans» - «Dynamo Moscow»: есеп теңессе, қосымша жекпе-жек өтеді

«Astana Arlans» - «Dynamo Moscow»: есеп теңессе, қосымша жекпе-жек өтеді

Ертең, 30 наурыз күні Мәскеуде Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Astana Arlans» және «Dynamo Moscow» құрамалары арасында кезекті есептік жекпе-жектер өтеді.

  • 29 Наурыз 2012
  • 575
Фото - Caravan.kz

Жартылай финалдық жекпе-жектер келесі жұптар бойынша өтпек: Рафикжон Сұлтонов — Анвар Юнусов (54 келі), Ержан Мұсафиров — Адлан Абдрушитов (61 келі), Қанат Сләм — Максим Газизов (73 келі), Абделхафид Бенчабла — Олександр Гвоздик (85 келі), Шуаиб Болодинатс — Виталий Кудухов (+91 келі).

Айта кетейік, үстіміздегі наурыз айының 23-і күні Астанада өткен жартылай финалдың алғашқы жекпе-жектері кезінде «Astana Arlans» боксшылары «Dynamo Moscow» құрамасынан 3:2 есебімен басым түскен болатын. Осы жолы мәскеуліктер 2:3 есебімен жеңсе, жалпы есеп теңеседі. Онда 61 келі салмақта қосымша жекпе-жек ұйымдастырылады. Оған «Astana Arlans» командасынан Әділет Егізбеков, ал «Dynamo Moscow» құрамысынан атынан Эдуард Хусаинов қатысады.