Алғашқы финалдық күні кешінде соңғы ұрыста ауыр салмақтағы Михай Нистор мен Александр Усик қолғап түйістірді. Нистор беделді қарсыласынан қаймыққан жоқ, бірден алға шығып, соққылар алмасты. Усик қашықтан қолының ұзындығын пайдаланып, Михайға бірнеше соққа дарытты. Дегенмен, алғашқы екі раундта украиндық қолғап шебері басымдық көрсетті. Үшінші раундта «арландық» ауыр салмақты былғары қолғап шебері қарсыласын еңсеріп, бұл жолы мерейі үстем болды.
Бірақ та қалған екі раундта Усик тағы да басым түсіп, «атамандарға» екінші ұпай әкелді.
Финалдың бірінші күні, 10 мамырда «арландақ» Мейірболат Тоитов, Сергей Деревянченко және Хрвое Сеп жеңіске жетті. Олимпиадалық чемпиондар Василий Ломаченко мен Александр Усик те Украинаның ұтысқа деген үмітін сақтап қалды.
Бүгін 11 мамырда финалдық екінші күнгі сайыстар өтеді, оның соңында WSB жаңа чемпионы анықталмақ.