Астана әуежайын дүр сілкіндірген «телефон лаңкесі» іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайын дүр сілкіндірген «телефон лаңкесі» іздестірілуде

Астана әуежайын дүр сілкіндірген «телефон лаңкесі» іздестірілуде

Бүгін таңертең «телефон лаңкесі» Астана әуежайын дүрліктіріп жіберді. Бір адам анықтама қызметіне «мұнда жарылғыш зат қойылды» деп хабарлаған. 

  • 7 Тамыз 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

– С чего все началось?

– Просто сказали выйти, учение.

— Вообще первый раз слышал, когда на регистрацию проходил что-то говорили с пожарной системой. Может быть, просто сработка, может обучение.

Қауіпті хабардан кейін бірден дабыл қаққыш қосылып, мыңнан астам адам, яғни жолаушылар мен әуежай қызметкерлері түгел  сыртқа шығарылды. Сақшылар әуежай маңына көліктерді кіргізбей қойды. Ал зәресі ұшқан жолаушылар жүгін көтеріп, жан-жаққа жаяу қашты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, арнайы жасақ шұғыл жетті. Полицейлер ғимараттың айналасын, ішін иісшіл иттермен тінтіп, ақыры ешқандай жарылғыш зат таппады. Сөйтіп, екі сағаттан кейін ғана жолаушылардың қайтадан әуежайға кіруіне рұқсат етілді.  Жалған ақпараттың кесірінен халықарлық және ішкі бағыттағы 4 рейс кейінге қалдырылды. Ал алаңға енді қонған үш ұшақтың комнадирі  жолаушыларды бірнеше сағат сыртқа шығармай отырды. Құзырлы орган қызметкерлері жұртты босқа дүрліктірген адамды іздестіріп жатыр. Жалпы, Астана әуежайын «телефон лаңкестері» жиі мазалап тұрады. Көктемде жолаушылардың бірі өзімен бірге граната алып бара жатырмын деп қалжыңдағаны үшін жауапқа тартылған еді. 

Соңғы жаңалықтар