Жарияланды: 420

Астана әуежайында бейнежазба құрылғысымен жабдықталған 3 автоқалам алып өтпек болған азамат ұсталды

Кеше Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес қызметкерлерімен Астана қаласының халықаралық әуежайында "Үрімші-Астана" рейсіне кедендік бақылау жүргізгенде,

С.А. деген ҚР азаматынан кедендік одақ аймағына әкелуге тыйым салынатын арнайы техникалық құралдар табылған. Ұсталған азаматтың іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексі 143-бабы, 3-тармағына (ақпаратты жасырын алу үшін заңсыз арнайы техникалық құралдарды алу, сату, өндіру, дайындау) сәйкес қылмысқа жатады. Бүгінде аталмыш дерек бойынша тергеуалды тексеріс жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін