Астана әуежайында бомба іздестіріліп жатыр, оның аумағы қоршауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайында бомба іздестіріліп жатыр, оның аумағы қоршауға алынды

Астана әуежайында бомба іздестіріліп жатыр, оның аумағы қоршауға алынды

Астана қаласының әуежайында бомба қойылған деген суыт хабарға байланысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр,

  • 6 Тамыз 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-інің баспасөз қызметінен. 

«6 тамызда сағат 09.08-де Астана қаласының әуежайының анықтама қызметіне жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон арқылы хабар келіп түсті. Анықтама бюросы қызметкерінің сөзіне қарағанда ер адам қоңырау шалып, «әуежайда жарылғыш зат бар» деп тұтқаны қоя салған. Оқиға орнына жедел топ шықты. Аумақ қоршауға алынды. Адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл үшін тиісті қызмет өкілдері тартылды. Олардың ішінде кинологиялық қызмет те бар», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар