Жарияланды: 590

Астана әуежайында жерге қону кезінде ұшақтың оң доңғалағы зақымданды

Бүгін Көкшетаудан Астанаға ұшып келген «Сессна-208» әуе кемесі жерге қону кезінде оң доңғалағын зақымдады, деп хабарланды Астана халықаралық әуежайының сайтынан. Айта кетейік, ұшақ бортында 2 жолаушы болды.

Зардап шеккендер жоқ. «Ұшып-қону жолағынан әуе кемесін эвакуациялауға байланысты, 12.30-дан 13-30-ға дейін Астана әуежайы ұшақтарды ұшыру және қондыру үшін жабылды. Бұл оқиғаның салдарын жою кезінде ұшып келген 4 ұшақтың жерге қонуы кешіктірілді», - деп хабарланды әуежайдан. Қазіргі уақытта астаналық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін