Астана әуежайы мен вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезеңінде елорда әуежайында күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс режимі қамтамасыз етілетін болады.
«Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған. Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ, Алматы және Қарағандыда қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген», — делінген хабарламада.