Астана әуежайында араб компаниясы Aero City жобасын іске асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайында араб компаниясы Aero City жобасын іске асырады

Астана әуежайында араб компаниясы Aero City жобасын іске асырады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Астана әуежайында "Aero City" жобасы іске асырылады, деп ха

  • 16 Мамыр
  • 6
ФОТО: Пресс-служба Агентства по защите и развитию конкуренции

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астана әуежайында «Aero City» жобасы іске асырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әуежайдың ресми сайтына сілтеме жасап.

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Terminals Holding» компаниялар тобы әуежайды 25 жылға сенімгерлік басқаруға алады. Осы уақыттың ішінде 153 миллиард теңге тікелей инвестиция, сондай-ақ үшінші тараптардан 393 миллиард теңгеге дейін жанама инвестиция тарту жоспарланған. Қомақты қаржыға ауқымды жұмыстар атқарылады. Олар:

3,5 км құрайтын жаңа (қосымша) ұшу-қону жолағын салу;

қолданыстағы Т2 жолаушылар терминалын кеңейту;

жаңа халықаралық Т3 терминалының құрылысын бастау;

рейстерге үздіксіз қызмет көрсету мақсатында жанар-жағармай құю кешенінің аумағын 5,2-ден 11,6 гектарға дейін ұлғайту.

«Инвестициялық бағдарламамызда қонақ үй кешендерін, іскерлік және сауда орталықтарын, сондай-ақ заманауи көрмелер мен конференц-залдарды қамтитын Aero City инновациялық көпфункционалды кластерін құруға ерекше көңіл бөлінеді. Aero City жобасы әуежайдың тартымдылығын арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, бүкіл аймақтың экономикалық дамуының катализаторына айналады. Сонымен қатар бұл жоба үшінші тараптардан қосымша инвестициялар тартуға және жергілікті экономиканың өсуіне ықпал етеді», — делінген ресми хабарламада.

Мемлекеттік бюджеттен ақша алынбайды. Барлық жұмыс жеке қаражаттың есебінен атқарылады.

«Негізгі инфрақұрылымға меншік құқығы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да қалады, ал мемлекет бюджетке тұрақты кірістерді алуды жалғастырады», — дейді мамандар.

Әуежайдың барлық қызметкері өз жұмысын жалғастыра береді. Алдағы уақытта оларды оқыту және біліктілігін арттыру шаралары да қолға алынады.