Астана автобустарында 64 мыңға жуық азамат тегін жүреді
Жыл басынан бер қалалық жолаушылар көлігінде 63 820 адам тегін жүру құқығын пайдаланды. |
Бұл мақсатқа Астана бюджетінде 825 миллион теңге көзделген. Бұл туралы қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева хабарлады, делінген astana.kz сайтында.
Еске сала кетейік, қалалық жолаушылар көліктері бағдарларында тегін жүру құқығы елордада азаматтардың мына санаттарына: Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға; жасына және сіңірген еңбегіне сәйкес зейнеткерлерге, сондай-ақ жасына қарай және асыраушысынан айырылған әлеуметтік мемлекеттік көмек алушыларға, мүгедектерге және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, сондай-ақ көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналарға беріледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін