Біздің команда марафонның ең күрделі белесіне бұл жарыстың бірнеше дүркін жеңімпазына айналған КамАЗ жүк көлігімен қатыспақ.
ҚР автомотоспорт федерациясы трофи-рейд комитетінің төрағасы Марат Абықаев «Астана» командасының аты Александра Винокуров пен Альберто Контодор сияқты велошабандоздар арқылы күллі әлемге танымал болғандығын және енді кезекте қазақстандық спорттың дүние жүзілік аренадағы даңқының одан әрі нығая түсуіне дайын екендігін жеткізді.
Команданың автошабандоздары Артур Ардавичус пен Борис Березовский халықаралық раллидің ең жоғарғы белесінде ойын көрсетіп, жеңімпаз атанғандарын, әрі тәжірибе жинақтап айтулы чемпионатта нағыз бәсекелестердің қатарынан табылатындықтарын айтады.