«Astana Ballet» ұжымы мәскеулік көрермендерге қазақ эпосы мен мәдениетін паш етті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana Ballet» ұжымы мәскеулік көрермендерге қазақ эпосы мен мәдениетін паш етті

«Astana Ballet» ұжымы мәскеулік көрермендерге қазақ эпосы мен мәдениетін паш етті

«Astana Ballet» хореографиялық ұжымы К.С.Станиславский және Вл.И.Немирович-Данченко атындағы академиялық музыкалық театры сахнасында Мәскеу көрермендеріне бір актілі «Әлем» балетін ұсынды. Ол ұжым репертуарындағы заманауи хореография стиліндегі ірі формадағы алғашқы қойылым болып табылады. 

  • 1 Қазан 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz


Өнер ұжымы қыркүйек айындағы еуропалық турне аясында өнер көрсетті. Оның барысында олар Париж бен Венада болып қайтқан еді.

«Қойылымның ерекшелігі — бұл, бәрінен бұрын, қазақ эпосы мен қазақ мәдениетінің үйлесім табуы», — деп атап өтті балетті қоюшы хореограф Никита Дмитриевский.

«Бұл қазақстандық театр, қазақстандық балетпен бірінші жұмыс тәжірибесі болды және ол мәдениетке, эпосқа деген қызығушылықты арттырды, аңыз-әпсаналармен танысып, тарихта қайсысы қалай болғанын көрсету қызық болды. Мәселен, музыкалық аспаптар қайдан келді? Домбыраның бір халықтан екіншісіне қалай ауысып, өз дыбысын қалай өзгертті, ішектері қалай алмастырылды, қазақ мәдениетінде қандай ою-өрнектер қолданылады? Бұл тұрғыда өте қызық әрі қажырлы еңбек атқарылды», — деді Н.Дмитриевский.

Спектакльдің визуалды концепциясын ресейлік сценограф Леонид Басин жасаған. Композиторлары — Арманд Аман мен Болат Гафаров. Либретто авторы белгілі қазақстандық ақын, сценарист Бақыт Қайырбеков. Хореографиялық ұжымның көркемдік жетекшісі — Алила Алишева, басты балетмейстері — Айгүл Тәти.

Н.Дмитриевский «Astana Ballet» гастрольдері шетелдерде үлкен жетістікпен өтіп, бұл ұжымның Қазақстанды жоғары рухани мәдениеті мен дәстүрлері бар ел ретінде танытып жүргенін атап өтті.
 

 

 

 

 

Перейти к новостям спорта