"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

Банктен ақша алып беру қызметін бүркемеленген алаяқтар карточка иесіне қатысты жеке мәліметті білуге тырысады.

  • 16 Мамыр 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

"Астана банкінің" клиенттеріне банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді жамылып, алаяқтық жасау жайттарының көбейіп кеткендігі ескертілді, деп жазады sputniknews.kz.

Банк клиенттерден мұқият болып, арандатуға жол бермеуді, сондай-ақ мұндай оқиғалар туралы хабар беруді сұрады.

"Алаяқтық жайттарының жиілеп кеткендігі туралы хабар бергіміз келеді: банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді бүркемеленген алаяқтар картаның иесіне қатысты мәліметтерді сұрайды, яғни нөмірі, пайдалану мерзімі және CVV-коды", — делінген банк хабарламасында.

Қаржы мекемесі атап өткендей, банк туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде көрсетілген: корпорациялық сайт, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар, сондай-ақ колл-центр.

Оқи отырыңыз:

«Мен әлі де жылаймын»: Роза Рымбаева ішкі жан-сырымен бөлісті 

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды
 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар