28 наурызда Мәскеуде өткен «ВТБ Бірыңғай Лига» кеңесінің отырысында оның құрамына жаңа қатысушыларды қосу шешімі қабылданды. Кеңес отырысында «ВТБ Бірыңғай Лигасының» жаңа президенті болып сайланған, Ресей Федерациясының вице-премьері Сергей Иванов, турнирдің 2011/12 маусымында алғаш рет ресейлік «Локомотив-Кубань» (Краснодар), «Спартак» (Санкт Петербор), чехиялық «Нимбурк» және Қазақстанның «Астанасы» өнер көрсететін болды.
«Астана» БК-ның негізгі құрамы елдің мықты командасы «Астана жолбарыстарының» ойыншыларынан жасақталатын болады. Клубың жаттықтырушысы, «Жолбарыстардың» қазіргі бапкері Виталий Стребков болмақ. Бас бапкерді іздестіру үстіндеміз», — деп анықтады «Астана» БК-ның директоры, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Валерий Тихоненко.
Жеребе салу, Еуролигаға жеребе өткеннен кейін, жобалау бойынша, маусым айының соңында өтеді.
Еске салайық, осы күндері өтіп жатқан Ұлттық чемпионатта «Астана жолбарыстарының» ерлер командасы плей-оффқа шықты. Елордалық баскетболшылар жетінші рет Қазақстанның чемпионы атағын иеленудің сәл-ақ алдында тұр. Баскетбол маусымы аяқталғаннан кейін құрама «Астана» БК атынан ойнайтын болады.