«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясындағы алғашқы ойында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

Қазақстандық «Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясындағы алғашқы ойында жеңіске жетті.

  • 10 Қазан 2011
  • 450
Фото - Caravan.kz

Кеше, жексенбі күні өткен матчта елордалық ойыншылар өзінің алаңында Литваның «Жалгирисін» қабылдап, 86:78 есебімен басым түсті.

Кездесудің алғашқы айналымында қонақтардың басымдылығы байқалды. Бірінші кезеңде «Жалгирис» 15:11 есебімен алға суырылып шықты. Екінші және үшінші кезеңдер қарсыластардың тең ойын дәрежесінде өтті. Жеңіске жету үшін «Астаналықтарға» кездесудің соңғы бөлігінде 4 ұпай көрсеткішімен алға шығу керек болды және қазақстандықтар ол межені асыра орындады. Есеп — 28:16. Осылайша елордалықтар ВТБ лигасы аясындағы алғашқы ойынды жеңіспен аяқтады. «Астана» келесі матчты 16 қазан күні Риганың «ВЭФ» командасына қарсы ойнайды.

«Астана» БК-ның бас жаттықтырушысы Маттео Боничиолидің айтуынша, бұл жеңіс жаңадан жасақталған қазақстандық ұжымға үлкен сенімділік береді.

«Біз ойынның соңғы кезеңінде жеңіске жеттік. Кездесуде бастан-аяқ, 40 минут бойы жоғары белсенділік танытуға мүмкіндік берген команданың физикалық даярлығы сыр берген жоқ. Бұл келесі жолы ригалық ВЭФ командасымен ойнайтын біздің ойыншыларымызға, сөз жоқ, үлкен сенімділік бермек», — деді ол матч соңындағы баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, ВТБ лигасына «Астана» баскетбол клубы келіп қосылды. ВТБ соңғы жылдары үлкен қарқынмен дамып келе жатқан лигалардың бірі, оның құрамына Ресейдің, сондай-ақ Литва, Эстония, Латвия, Польша және Финляндияның жетекші спорт ұжымдары өнер көрсетеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера